Жетекші көзқарасы: экономикалық мәселелерді әрекеттестік арқылы шешу керек
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи үштік билік басшыларымен өткізген жиналыста экономикалық қиындықтардың елдің ішіндегі түйткілдер мен Американың әділетсіз санкцияларының салдары екендігін қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі бейсенбі күні үштік биліктің басшыларына қиындықтарды шешу үшін көреген шешім қабылдап, оның нәтижесі халықтың тұрмысындағы түйткілдерді шешіп, дұшпанды санкция салу деген тәсілінен үміт үздіру болу керектігін қуаттады. Бүгінде экономикалық мәселелермен әлемдегі көптеген елдер бетпе-бет келіп отыр. Иран да солардың қатарында. Ирандағы экономикалық мәселелердің бір бөлігі елдің экономикалық құрылымымен, келесі бір бөлігі Американың санкциялық саясаттарымен байланысты. Ислам революциясының жеңіске жетуімен Иранға санкция салу саясаты Америкадағы әртүрлі үкіметтердің күн тәртібіне қойылды. Бұл іс Американың қазіргі үкіметінде күшейе түсті. Ислам революциясының қырық жылдық тарихы Иранда ешқандай тығырықтың жоқ екендігін көрсетті. Сол себепті революцияның жетістіктері бұрынғысынша сақталып, дамып келеді.
Американың Иранға қатысты санкция саясатының күшейтілуі – осы ел үкіметі қолданып жатқан соңғы құрал. Американың қазіргі үкіметінің ойынша, Иран соның салдарынан қиындықтармен бетпе-бет келеді.
Америка президенті Дональд Трамп санкцияларды күшейту арқылы Иранды өзі қалайтын жолға салуға күш салуда. Алайда Иран үкіметі мен халқы әрдайым ұрымтал сәттерде ынтымақтастық және бірлікпен барлық қастандықтардан өтті.
Осы салада Иранның Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани қазан айының екісі күні Дональд Трамптың саяси мақсаттарына жету үшін санкция мен психикалық операцияларды құралға айналдырып, «экономикалық соғыс» деген атаумен Иранның әлсіз тұсына соққы бермек болып, әрекеттерін жобалағанын айтып: «Америка Иранның экономикасы мен қауіпсіздігі мен аймақтық мәртебесіне нұқсан келтіруді көздейді. Бірақ, Иран қоқан-лоққыларды мұрсат санайды» деді.
Американың санкция саясаттарының күшейтілуімен бір мезгілде Иран басшылары Американың санкцияларын залалсыздандыру мақсатында және экономикалық құрылымның қиындықтарын түзету арқылы халыққа, әсіресе қоғамның әлсіз тобына зардап келмеуі үшін әртүрлі бағдарламаларды күн тәртібіне енгізген.
Валюта нарығындағы тұрақсыздық, кейбір тауарлардың бағаларының қымбаттауы, халықтың, әсіресе табысы төмен топтың сатып алу қабілетінің төмендеуі экономикалық мәселелер шешілуі үшін үкіметті басқа бөлімдермен әрекеттесуге көбірек талпыныс жасауға мәжбүрлейді.
Осы аяда Иран президентінің басшылығымен үш билік басшыларының қатысуымен экономикалық шараларды үйлестіру бойынша жоғары кеңестің отырысы шамамен апта сайын экономикалық саясаттарды ілгерілету үшін тиісті бағдарламалар мен шараларды жүзеге асыру үшін өткізіледі.
Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, жастар мен елдің зиялы қауым өкілдерінің теңдессіз мүмкіндігін қолданып, үш билік пен әртүрлі органдардың әрекеттестігі мен үздік мүмкіндіктер мен қорларды белсенді ету арқылы ішкі және таңған мәселелерді жеңуге болады.
Ішкі секторда Иран орасан табиғи қорға ие болуы мен нано және тағы да басқа да жаңа ғылымдар саласындағы дамуымен табыс көзі үшін инновация сыйлап, мұнайға тәуелділік пен Американың санкцияларына байланысты осы саладағы кемшіндіктердің орнын толтыра алады.
Таңған қиындықтар саласында да үш билік басшылары халықтың серіктестігімен Американың артық талап етушілігімен күреседі. Иран халқы бұрынғы тәжірибелері сияқты санкция саясатын да сәтсіздікке де ұшыратып, Американың Иранның экономикасына жасап жатқан қысымдарынан арылады.