Теһранда Азия-Тынық мұхиты әскери медицинасының халықаралық төртінші форумы өтті
Теһранда Азия-Тынық мұхиты әскери медицинасының халықаралық төртінші форумы әлемнің 45 елінен келген әскери командалар мен қолбасшылардың қатысуымен өтті.
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Бағери осы форумда бүгінде ғылыми-технологиялық дамуға байланысты динамикалық әскери медицинаның қажеттігін қуаттап: "Бұл медицинаның қызметкерлері мен әскерилер өте ауыр жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде халыққа пана болып, басқа органдарға дағдарысты басқаруға көмектеседі.
Қасиетті қорғаныс кезінде әскери медицинаның маңыздылығын жақсы түсіндік. Біздің дәрігерлер мен мейіргерлер 50 әскери ауруханамен 554 мың сарбаз бен химиялық заттармен уланғандардың жандарын аман алып қалды",-деді.
Азия-Тынық мұхиты әскери медицинасының халықаралық төртінші форумы екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл форумның кезекті төрағалығы Иранға тапсырылады.