Канада Иранға қарсы кейбір санкциялардың күшін жояды
(last modified Sat, 06 Feb 2016 10:54:13 GMT )
Ақп 06, 2016 16:54 Asia/Almaty
  • Канада Иранға қарсы кейбір санкциялардың күшін жояды

Канада Иранға қарсы кейбір санкциялардың күшін жоятынын хабарлады.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Канаданың Сыртқы істер министрі Стефан Дион мен Халықаралық сауда министрі Христя Фриланд жұма күні мәлімдеме жасап, қаржылық қызметтер, импорт пен экспорт салаларында Иранға таңылған кейбір санкциялардың жойылатынын хабарлап:

«Таяудағы өзгерістерден соң қазіргі таңда канадалық компаниялар әлемнің басқа компанияларымен Иранда бәсекеге түсу үшін жақсырақ позицияға ие. Оттава өзінің Теһранмен дипломатиялық қарым-қатынасын қайта бастауды көздейді»,-деп мәлімдеді.

Канаданың Сыртқы істер министрі осылай деп мәлімдеме жасауымен қатар тағы да: «Канада тауар экспорты, қауіпсіздік тұрғысынан маңызды қызметтер мен технологиялар саласындағы шектеулерін одан ары жалғастырады»,-деді.