Иран мен Ресей санкция жағдайында бір-бірінің қажеттіліктерін өтей алады
Иранның Ұлттық стандарттар ұйымының басшысы Нире Пирузбахт Иран мен Ресей әлеуеттерінің әсіресе санкция жағдайында екі елдің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті екенін мәлімдеді.
Нире Пирузбахт дүйсенбі күні Теһранда Ресейдің Аккредиттеу орталығының басшысы Алексей Херсонцевпен кездесуінде сөйлеген сөзінде Иран мен Ресей арасында барлық салалар бойынша көптеген меморандумдарға қол қойылғандықтан, Теһран мен Мәскеу арасында сауда жеңілдіктерін арттыруға талпыныс жасау керектігін баса айтты.
Алексей Херсонцев те Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық қатынасының тек азық-түлік өнімдерімен шектелмейтінін айтып, Иранмен сауда істерін жеңілдету үшін Ресейдің азық-түлік, қадағалар, нысандар мен электронды құралдарды құрайтын кейбір зертханаларының Иранның Ұлттық стандарттар ұйымы тарапынан ресми түрде қабылданатындығына үміт білдірді.
Ресейдің Аккредиттеу орталығының басшысы «халал» брендімен өнім шығару туралы Иран мен Ресей арасында халал өнімдерге сертификат беру мақсатында аккредиттеу органын құруды ұсынды.
Ресей Кеденінің статистикалық мәліметі бойынша, Иран мен Ресейдің 2017 жылғы сауда айналымының көлемі 1 млрд 400 млн долларға жеткен.