Ғасеми "Иран АҚШ-тағы сайлауға араласты" деген уәжді "белгісіз қиялдың" салдары деп атады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні кешке Вашингтонның Иранды АҚШ Конгресінің сайлауына араласып, оған әсер етеді деп айыптауын толығымен қате деп атап: "Иранның АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы уәжді белгісіз қиялдың бір түрі" деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми АҚШ үкіметінің барлау, сот және қауіпсіздік органдарының Иранның АҚШ-тағы кезеңаралық сайлауға араласқаны туралы уәждерін теріске шығарып: "ИИР-ның принципті саясаты – басқа елдердің ішкі ісіне араласпау.
АҚШ Президенті Дональд Трамп өзі билік басына келген кезде "Иран өзінің ішкі мәселелеріне шырмалып, әлсірегені соншалықты, енді тіпті аймақ мәселелері туралы ойлауға шамасы жетпейді" деп айтқан болатын. Өздерінің айтуы бойынша, "қиындыққа белшесінен батқан мұндай ел" АҚШ-тың парламенттік сайлауына қалай араласа алады?",-деді.