Пәкістан ұрланған ирандық сарбаздар мен шекарашыларды азат ету үшін тиісті шара қолдануы керек
Иран Қарулы Күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мохаммад Бағери сенбі күні Пәкістан армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Ғамар Джавид Баджвамен телефон арқылы сұхбатта Пәкістан қарулы күштерінің Иранның ұрланған сарбаздары мен шекарашыларын азат ету үшін мүмкіндігінше өте қысқа мерзімде неғұрлым көбірек талпыныс жасап, тиісті шара қолдануын сұрады.
Генерал-майор Бағери сонымен қатар Пәкістанның әскери және шекаралық күштерінің ИИР-мен ортақ шекараларының қауіпсіздігін күшейтіп, тұрақтандырып, лаңкестер мен содырлардың әрекеттеріне тосқауыл жасауы үшін олардың сандарын арттыруы керектігін баса айтты.
Пәкістан басшылары ұрланған ирандық күштерді босату үшін тиісті шаралардың жүзеге асырылып жатқанын мәлімдегенімен, Пәкістан үкіметінің Иранмен ортақ шекараларының қауіпсіздігін күшейту мақсатында көбірек шара қолдану қажеттігі күмән тудырмайды.
Себебі, мұндай оқиғаның қайталануы Иран мен Пәкістанның ғана емес, соынмен қатар аймақ қауіпсіздігі үшін де қатерлі.
Пәкістан жерінен ИИР аумағына лаңкестердің шабуылы – қайталанып отырған оқиға. Иран мен Пәкістан шекараларында мұндай ащы оқиғалар биылғы жаңа жылдың басы мен өткен жылдары да болған. Азияның шығысы мәселелері бойынша сарапшы Мохаммад Реза Монафи бұл туралы былай дейді:
«Иран мен Пәкістанның 1000 шақырым ортақ шекаралары туралы сөз болған кезде ИИР-ның шекара, әскери күштері мен тәртіп сақшыларының осы шекараның қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғау жолындағы күні-түнгі талпыныстары Пәкістан үшін басқа көршілес елдермен шекараларын бақылау ісін біршама жеңілдетті.
Егер осы көршілес әрі дос ел Иранмен шекараларына аздап көңіл бөлсе, екі жақ үшін де оқтын-оқтын мәселе тудырып келе жатқан содырлар мен лаңкестерден аймақты тазалаған болар ма еді» деді.
Пәкістан көп жылдардан бері қауіпсіздіктің жоқтығынан немесе әлсіздігінен қиындық көріп келеді. Бұл Пәкістан елі көңіл аударарлықтай әскери және қауіпсіздік әлеуеттеріне ие жағдайда орын алып отыр. Лаңкестікке қарсы күреске көмектесу бағытында осы елден өзінің ішкі және шекараларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету күтіледі.
Қауіпсіздікті сақтап, көршілес елдер үшін шекаралық мәселе тудыруды доғаруға қатысты жауапкершілікті қабылдаудың Пәкістанның қауіпсіздік саласындағы бағдарламаларының басты бағдарына айналуын күтудің қисындылығы шәксіз.
ИИР мен Пәкістан шамамен 1000 шақырым ортақ шекараға ие. 2017 жылы екі елдің сауда айналымдарының көлемі 1 млрд 324 млн долларды құрады.
Иранның Заһедан темір жолы мен оңтүстік-шығысындағы Систан мен Балучестан облысынан Пәкістанның Кветте қаласына тауар экспорты да өткен алты айда 2017 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 40 пайыздан астам өсімге ие болды.
Дегенмен, Пәкістан жерінен көршілес елге қарсы лаңкестік әрекеттердің қайталануынан туындайтын ащы оқиғаларға көзжұмбайлық танытып, қарап отыруға тағы болмайды.