Иран СІМ: Зарифтің қызметтен кеткені туралы қауесетке жауап берудің өзі артық
(last modified Mon, 22 Oct 2018 12:03:00 GMT )
Қаз 22, 2018 18:03 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: Зарифтің қызметтен кеткені туралы қауесетке жауап берудің өзі артық

ИИР Сыртқы Істер Министрлігі: "Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің қызметтен кеткені туралы қауесетке жауап берудің өзі артық",-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің қоғамдық қатынастар бөлімі Иран Сыртқы істер министрінің қызметтен кетуін армандап, бос қиялға берілген кейбір адамдар таратқан жалған ақпарат пен қауесетке реакциясында: "Бұл хабар толығымен өтірік, оған тіпті жауап берудің немесе теріске шығарудың да қажеті жоқ",-деп мәлімдеді.