Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы Пәкістанға аттанды
Қаз 23, 2018 09:11 Asia/Almaty
Ислам революциясының Сақшылар корпусы құрлық күштерінің қолбасшысы ұрланған ирандық шекарашылардың жағдайын білу үшін ирандық делегацияны бастап, Пәкістанға аттанды.
Бригада генералы Мұхаммад Хакпур осы сапарда Мирджаве ауданындағы шекаралық пунктте қызмет атқарған 12 шекарашының ұрлану жағдайын тексеріп, оларды тез арада босатуға талпыныс жасайды. Хакпур, сондай-ақ, терроризм құбылысына қарсы ортақ әрі кесімді шаралар қолданып, шекара қауіпсіздігін тұрақты түрде кепілдендіру үшін Пәкістанның әскери-қауіпсіздік басшыларымен кеңеседі.
Тегтер