Иранның оңтүстік-батысында үш лаңкестік топ анықталып, жойылды
(last modified Tue, 23 Oct 2018 15:40:45 GMT )
Қаз 23, 2018 21:40 Asia/Almaty

Иранның Барлау министрі Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Хузестан облысында үш лаңкестік топтың анықталып, жойылғанын хабарлады.

Иранның Барлау министрі Сейіт Махмұд Алави сейсенбі күні Хузестан облысындағы Шаламче шекарасына келгенде тілшілердің алдында үш лаңкестік топтың 15  мүшесінің құрықталғанын мәлімдеп: "Құрықталған лаңкестер Хусейннің (ғ.с) «Арбағин» зияратшыларының жолдарында лаңкестік әрекеттер жасауды жоспарлағанын мойындады",- деді.

Иранның Бралау министрі Иран мен әлемдегі лаңкестік топтарды анықтау жайттарына тоқталып: "Франция секілді елдердің қауіпсіздік күштері 10 лаңкестік әрекеттің 5-6 жайтын  ғана анықтаған. Қалған лаңкестік әрекеттерді лаңкестер соңына дейін жүзеге асырған. Алайда, Иранда лаңкестер жүзеге асыруға талпыныс жасаған әрбір 100 лаңкестік әрекеттің 99 жайты анықталып, залалсыздандырылды.

Иранның қауіпсіздік күштері тарапынан анықталған жайттардың саны халықаралық деңгей мен барлау органдарының деңгейі бойынша теңдессіз",- деді.