Иран жастары ислам әлемін бірлікке шақырды
Иранның бір топ революцияшыл жастары парсы, араб және ағылшын тілдерінде хат жолдап, ислам әлемі жастарын ислам әлеміндегі шынайы бірлікке қол жеткізу жолында талпыныс жасауға шақырды.
Иранның революцияшыл жастары ислам әлеміндегі жастар және студенттермен бірігу мақсатында олардың ұсыныстары мен пікірлерін қажет ететіндіктерін мәлімдеді.
Иранның революцияшыл жастары мұсылман жастарының жеке және ұлттық әлеуеттерінің өзара әрекеттестігі мен ортақтасуы әлемдіктерге ислам әлемінің ғылыми және рухани ілгерілеуі мен нығаюының жаңа есігін ашып, көрсете алатынын айтты.
Иранның революцияшыл жастары жолдауда ислам әлемінің қауіпсіздігін шынайы әрі үлкен қиындық деп атап: "АҚШ пен Израиль ДАИШ пен әл-Каиданың атымен әсірешіл тәкфирлік лаңкестік түрінде исламды қаралау мен исламнан үркіту үдерісін шарықтау шегіне жеткізуге талпыныс жасауда. Сондықтан қастандықтардың алдын алу үшін мұсылман халықтары бірлікке ие болуы керекс",- деп мәлімдеді.
Иранның жер-жеріндегі тәуелсіз студенттердің исламдық қауымдастықтары одағының халықаралық комитеті жолдауды ислам әлемінің студенттері мен жастарына жолдады.