Иранға келген шетелдік туристердің саны артты
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы: "Иранға келген шетелдік туристердің саны 2018 жылдың 22 наурызы мен 22 қыркүйегі аралығында өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 51 пайызға өсті",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Асқар Мунесан сәрсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде 2017 жылы жалпы 5 млн 100 мың шетелдік туристің Иранға келгенін, егер биыл осы үдеріс жалғасса, Иранға шамамен 7 млн турист келетінін айтып: "АҚШ-тың Иранға қарсы шараларына қарамастан, Иран аймақтық туризм саласында айтарлықтай дамыды. Иран қолөнер саласында өткен жылы 500 млн долларға тауар экспорттады. Оның 250 млн доллары кеден арқылы өтсе, 250 млн доллары сәлем-сауқат ретінде жеке жүк болып кетті. Биыл қолөнер бұйымдары экспортын 2 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр",-деді.