Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 27 Oct 2018 08:41:05 GMT )
Қаз 27, 2018 14:41 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "ИИР АҚШ-тың соғыс машинасын тоқтатты",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Мохаммад Хасан Абуторабифард: "АҚШ-тың бұрынғы президенті мен батыс және шығыс сарапшыларының сөздерінен АҚШ пен Иранның тайталасында Исламдық Иранның даму кезеңіне жеткені белгілі болып отыр",- деді.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Абуторабифард АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп үкіметінің саясатына тоқталып: "Бұл ел Иранға емес, әлемнің екі миллиард халқына қарсы шықты",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ пен Израильдің соғыс машинасының батпаққа батып қалғанын айтып: "Иранның стратегиясы – соғыстың алдын алып, АҚШ-тың осы саладағы мақсаттарына жетуіне жол бермеу",- деді.