Иран биржасында мұнай сатыла бастады
Кеше жексенбі күні Иран биржасында 280 000 баррель шикі мұнай алғаш рет ұсынылып, бұл стратегиялық маңызды тауар бір барреліне 74 доллар 85 цент бағасымен сатылды.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның энергетикалық биржасындағы шикі мұнайға қатысты мәмілелер 1 миллион баррель шикі мұнай ұсынысымен басталып, соңында мың тонналық 35 жүк тиелімнің сатылуымен аяқталды.
Биржада шикі мұнайды ұсыну жобасы өткен жылдары бірнеше рет талқыланғанымен алайда оң нәтижеге жетпеген болатын. Биылғы жылдың маусым айында бұл жоба жүзеге асырылды.
Иранның энергетикалық биржасында шикі мұнайды сату әдісіне сәйкес, 20 пайыз риал, ал 80 пайыз шетел валютасы негізінде жүзеге асырылады.
Кеше әлемдік нарықтарда 1 баррель шикі мұнайдың бағасы 77 доллар 66 цент, ал АҚШ-тың жеңіл шикі мұнайының әрбір баррелі 67 доллар 59 цент көрсеткішіне жетті.