Кербаладағы "Арбағин" рәсімдеріне қатыса алмағандар Теһранда шеру өткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i39662-Кербаладағы_Арбағин_рәсімдеріне_қатыса_алмағандар_Теһранда_шеру_өткізді
Кербаладағы "Арбағин" рәсімдеріне бара алмағандардың 17 шақырым шеруі имам Хосейн (ғ.) алаңынан басталып, Рей қаласындағы хазірет Абдулазим (ғ.) кесенесіне дейін жетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 30, 2018 19:38 Asia/Almaty

Кербаладағы "Арбағин" рәсімдеріне бара алмағандардың 17 шақырым шеруі имам Хосейн (ғ.) алаңынан басталып, Рей қаласындағы хазірет Абдулазим (ғ.) кесенесіне дейін жетті.

Теһран қаласында "Арбағин" шеруін өткізу жобасы Теһран әкімшілігінің мәдени-өнер ұйымы, Мешіттердің мәдени-өнер орталықтарының жоғары штабы, Сақшылар корпусының Үлкен Теһран өнер бөлімшесі,  Үлкен Теһранның тәртіп сақтау күштері, Исламдық насихат ұйымы, Теһран қаласының білім және тәрбие ұйымы, Ислам жауынгерлерінің тобы, хазірет Абдулазим (ғ.) кесенесінің басқармасы,Теһран жедел жәрдемі және Теһран әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылды.