Зариф: Хосейннің күресі жалғасуда
Қаз 30, 2018 19:43 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Twitter-дегі жеке парақшасында: "Ешбір озбыр әділет жолындағы күресті ешқашан жоя алмайды",-деп жазды.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зарифтің Twitter-дегі жеке парақшасында имам Хосейннің (ғ.) қырқы – "Арбағинге" арнап: "14 ғасыр бұрын бір озбыр билеуші имам Хосейннің (ғ.) күресін жеңдім деп ойлады. Саддам, әл-Каида мен ДАИШ те оны мәңгілікке жойдық деп ойлады. Бірақ, бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен 17 млн адам, соның ішінде 2 млн ирандық Кербалада жиналды. Олар "Ешбір озбыр әділет жолындағы күресті ешқашан жоя алмайды" деген жолдауды жеткізді" деп жазды.
Тегтер