Иранда "Арбағин" рәсімі Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өтті
(last modified Wed, 31 Oct 2018 11:27:53 GMT )
Қаз 31, 2018 17:27 Asia/Almaty

Имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болуының қырқы – "Арбағин" рәсімдері Кербалада өтіп жатқан кезде Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни рәсімдер өтетін мекенде елдің елдің түкпір-түкпірінен имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне ғашық студенттер жиналып, Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен аза рәсімдерін өткізді.

Діни жетекшінің баспасөз орталығының мәліметі бойынша, Ислам революциясының жетекшісі  студенттердің аза рәсімдерінен кейін сөйлеген қысқа сөзінде жүректері таза, сезімдері адал, имандары риясыз мүмін жастарды илаһи ой-пікірлерді тартушылар деп атап, Иран халқының Ислам мен Ислам революциясының жоғары мақсаттарына жетуін сұрап, дұға тіледі.

Рәсімде сөз сөйлеген дінтанушы Саади "Арбағинді" шындықты талап ететін ағымның жеңісі, керісінше, дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратуға соқтыратын илаһи сүннеттерді жаңғыртатын күн деп атап: "Имам Хусейн (ғ.с.)-ның өркениетінің негіздері Алламен қарым-қатынас орнату, тек бір Аллаға бағыну, сондай-ақ, "Арбағин" зияраты мен үстемшілдерге қарсы табандылық білдіру негіздеріне сүйеніп, қалыптасты",- деді.