Иранның электр энергетикасы өнеркәсібінің көрмесіне 68 шетелдік компания қатысып жатыр
Ирандағы Су және электр энергетикасы өнеркәсіптері көрмелерін ұйымдастырушы штабтың басшысы Садиқе Бабран санкцияларға қарамастан Иранда өтіп жатқан Электр энергетикасы өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне әлемнің 18 елінен 68 шетелдік компания қатысып жатқанын айтып:
"Санкцияларға қарамастан бұл халықаралық шараға электр энергетикасы өнеркәсібі бойынша дамыған технологияларға ие 18 мемлекеттен, соның ішінде Аустрия, Германия, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, ҚХР, Италия, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тан шетелдік 68 компания қатысып жатыр",- деді.
Бабран сондай-ақ, ирандық 415 белсенді компанияның көрмеге қатысуына тоқталып, көрмеде жаңа энергетика саласы өнімдерінің маңызды бөлігінің жұрт назарына ұсынылатынын айтты.