Иранның "Коусар" қырғи ұшағының өндірісі басталды
(last modified Sat, 03 Nov 2018 18:23:28 GMT )
Қар 04, 2018 00:23 Asia/Almaty

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі әрі армияның бас қолбасшысының қатысуымен өткен рәсімде Иранның "Коусар" атты алғашқы қырғи ұшағы өндіріс кезеңіне аяқ басты.

"Коусар-1" ұшағы – әуеден қолдауға арналған дамытылған қырғи ұшақ. Ол толығымен жергілікті білім негізінде жасалып, Иранды ұшақ, органикалық және отты бақылау қырғи ұшақтарын жобалап,  жасау технологиясына ие елдердің қатарына қосты. Бұл қырғи ұшақ баллистикалық есептеулер жүргізетін компьютер, нысана айқындауға арналған дамыған кешен, отты бақылауға арналған көп мақсатты дамыған радар және ақылды әрі қозғалмалы карталар кешенін қолдану сияқты артықшылықтарға ие.