Джаһангири: Иран халқы АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұрады
ИИР Вице-президенті Иран халқының әлемге АҚШ-тың біржақтылығына төтеп беретінін көрсеткенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Исхақ Джаһангири сенбі күн сөйлеген сөзінде: «Бүгін АҚШ өз саясатын орындауда жалғыз қалып отыр. Иран саяси тұрғыдан басымырақ позицияда тұр. Сондай-ақ, әлемге ақлақ тұрғысынан сенімді, АҚШ-тың сенімсіз ел екенін әрі онымен келісімге келуге болмайтынын көрсетті»,-деді.
ИИР Вице-президенті АҚШ Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығудан Иран халқына қарсы ақпараттық және психологиялық соғыс жүргізу сияқты мақсаттарды көздегенін, бірақ халықтың психологиялық кеңістікте АҚШ пен сионистік режим мен саудиялықтардың қандай рөлге ие екендігін аз уақыттың ішінде түсінгенін айтты.
Джахангири, сондай-ақ, абанның он үші –«Дүниежүзілік үстемшілдікпен күрес» ұлттық күніне тоқталып: «1979 жылы АҚШ-тың Теһрандағы елшілігі басып алынғаннан кейін басқа оқиғалар болды. Сол себепті Дональд Трамп санкцияларды тура осы күні қайтаруға шешім қабылдады»,-деді.