Қар 06, 2018 17:32 Asia/Almaty
  • Иранның Орталық банкінің директоры АҚШ-тың жаңа санкцияларына реакция білдірді

ИИР-ның Орталық банкінің Бас директоры Абдолнасер Хеммати АҚШ жариялаған жаңа санкцияларды Иранның Орталық банкі ертеден болжап, банк бетпе-бет келуі мүмкін әртүрлі жағдайларға, тіпті санкциялардан да артық қысымдарға қатысты жобаларды ойластырып қойғанын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Абдолнасер Хеммати дүйсенбі күні АҚШ үкіметінің Иранның Орталық банкі мен басқа ирандық банктерге қарсы жаңа санкциялары мен SWIFT қызметінің тоқтатылуына реакция білдіріп, сауда жасайтын елдермен тиісті келіссөздер өткізіліп, олармен қатынас жасау жолдарының қарастырылғанын мәлімдеп: «Валютаны алатын әрі тұтынатын нақты жобалар реттеліп, Иранның валюталық қорының жағдайы қажет деңгейге жеткізілді. Бұл ұлттық ақша мен валюта нарығының тұрақтылығынан байқалады. Иранның Орталық банкі SWIFT қаржы жүйесі қызметінің тоқтатылуын болжап, сауда жүргізетін елдердің банктерімен байланысты жалғастыру үшін алдын ала басқа жүйелерді ойластырды»,- деді.  

 

 

Тегтер