Трамп Иранға қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр болады
Иран СІМ Зариф: "АҚШ президенті біраз уақыттан кейін Иранға қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр болады",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының жаңа кезеңін күшіне енгізгеніне сілтеме жасап: "Бұл санкциялар Иран халқын нысанаға алып отыр. АҚШ бұрын таратылған компанияларды да осы санкциялардың тізіміне қосты. Алайда бұл АҚШ үкіметінің тамырымен жойылатынын көрсетіп отыр.
АҚШ үкіметінің басына жаман күндердің туатындығына кәміл сенеміз. Тіпті, өз халқына өз саясаттарының олардың мүддесіне сай екенін дәлелдей алмаған үкімет АҚШ-тың ұлттық мүддесін ойлаудан бұрын өз демеушілерінен құралған кішігірім топтың мүддесін ойлап отыр. Америкалықтар осы жолы да Иранға қарсы ақылға сыймайтын әрекеттері үшін өкінетін болады",- деді.