Лариджани: Санкциялармен күресуге Иранның шамасы жетеді
(last modified Wed, 07 Nov 2018 13:55:11 GMT )
Қар 07, 2018 19:55 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани АҚШ-тың Иранға салған санкцияларының қатаң және халықаралық заңдарға қайшы екендігін, санкциялармен күресуге Иранның шамасы жететінін қуаттап:

""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әлемдік алпауыт елдердің растауымен БҰҰ-ның бекіткеніне қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісімнен біржақты түрде шықты. Бұл АҚШ-тың ешқандай міндеттемеге берік еместігін білдіреді.

АҚШ президенті тіпті АҚШ-қа көптеген көмек көрсетіп, одан 110 миллиард доллар көлемінде қару-жарақ сатып алып, инфрақұрылымдар үшін 500 миллиард доллар көлемінде қаражат бөлген елдермен жоғарыдан және оларды қорлап сөйлеседі",- деді.