Имам Резаның шәһид болған күнінің жылдығында Мешхед қара жамылды
Әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығымен бір мезгілде Иранның солтүстік шығысындағы Мешхед қаласы сегізінші имамның қазасын аза тұтты.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, имам Резаның кесенесіне апаратын барлық көшелерге қара матадан тулар ілініп, Иранның түкпір‑түкпірінен Мешхедке келген діни топтар аза рәсімдеріне қатысты.
Кеше кешке хазіреттің кесенесінде Имам Резаның шәһид болған күніне орай оқылған құтпаға кесене қызметшілері, зияратшылар мен әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері қатысты.
1440 жылдың сафар айының 29 жұлдызы, сәйкесінше 2018 жылдың 8 қарашасы – имам Резаның шәһид болған күнінің жылдығы.
Халықтың әлем шиіттерінің сегізінші имамына жақтастығы артқан кезде Аббаси халифі Мамун қастандық ұйымдастырып, хазіретті уландырып өлтірді.