Зариф: Америка лаңкестікпен күресте екіұшты саясат ұстанады
(last modified Sat, 10 Nov 2018 15:48:38 GMT )
Қар 10, 2018 21:48 Asia/Almaty
  • Зариф: Америка лаңкестікпен күресте екіұшты саясат ұстанады

2001 жылғы қыркүйек оқиғасында Американың сол кездегі президенті Джордж Буш мұсылмандарды айыптап, өз елін батыстың лаңкестікке қарсы күресіндегі көшбасшы атады. Алайда Американың ісі аймақ пен әлемде соғыс отын тұтатып, лаңкестікті тарату ғана болды.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф жұма күні Твиттердегі парақшасында «Американың әлемдегі лаңкестікпен күрес деген әскери шаралары америкалық салық төлеушілерге ауыр шығын таңумен қатар Ирак пен Сирия және Ливия мен Йеменге де орны толмас материалдық және жан шығынын келтірді» деп жазды.  
Иран СІМ штаб-пәтері Американың Пенсильвания штатында орналасқан Уотсон институтының Американың уәжденіп айтатын күресіне кеткен қаржы мен жан шығыны туралы мәліметіне сілтеме жасап, «күресті» аймақтағы ДАИШ пен әл-Қаида бөлімшелерінің қалыптасуының негізгі факторы деп атады.
Айғақ-деректер Трамп үкіметі мен Америкадағы Исламға қарсы экстремистік ой-пікірлерді тарататын ұйымдардың қауіпті екі мақсатқа ие екендіктерін көрсетті. Бірінші мақсатқа  Американың Азияның батысындағы өзінің қанқұйлы араласушылық әрекеттерін лаңкестікпен күрес деген сылтаумен ақтауы жатады. Лаңкестікті Америка өзінің саяси мүдделері үшін қалыптастырған болатын. Бірақ, Американың екінші мақсаты Иранның лаңкестікпен күрестегі шараларының өңін айналдырып, теріс көрсету. Шын мәнінде, Иранның лаңкестікпен күрес майданына тікелей енуі ДАИШ тобының жойылып, құртылу үдерісін жылдамдатты.

Американың лаңкестікпен күрес туралы уәждерінің салдары бейкүнә адамдарды өлтіруге соқтырды.
Егер бүгін ДАИШ Ирак пен Сирияда жеңілсе, бұл жеңіс Американың ДАИШ-пен күресінің нәтижесі емес, ДАИШ пен оның қолдаушыларына қарсы тұрған халықтық күштердің, әсіресе қасиетті кесенелердің қорғаушыларының жанкештіліктері мен джиһадына қарыздар.

Уотсон қоғамдық және халықаралық істер институты «Қыркүйек айының он бірі күнгі шабуылдан кейінгі жан шығыны: оның қанқұйлылығы мен анықталуының қажеттігі» деген атаумен есеп жариялады. Осы есепке сәйкес, 2011 жылғы он бірінші қыркүйек оқиғасынан кейінгі Американың «лаңкестікпен күрес» деп аталған соғысы барысында Ирак пен Ауғанстан мен Пәкістанда 500 000-нан астам адам көз жұмған.  

Қыркүйек айында БҰҰ-ның хабар торабында да лаңкестік құрбандарының әлемдік күніне орай есеп жарияланды.  

Сол есепте де лаңкестіктен көптеген ел зиян көргенімен, құрбандардың көбінің,

лаңкестік құрбандарының төрттен бірінің Ауғанстан, Ирак, Нигерия, Сомали мен Сирия елдерінің азаматтары болғаны мәлім болды.

Саяси мәселелердің сарапшысы, теоретик Ноам Чамский Американың лаңкестікпен күрестегі екіұштылығы туралы: «Егер лаңкестікті тоқтатқыларыңыз келсе алдымен лаңкестік неліктен пайда болды, оның негізгі себептері мен терең тамырлары не болды деп сұраңыздар» деді.

Американың көзқарасындағы лаңкестік оның шынайы мағынасындағы лаңкестіктен өзгеше. Өзгешелігі сондай, Иран СІМ айтқандай, Америка шараларының сұмдық салдарлары Ирак пен Сирияның, Ливия мен Йеменнің қирауына, ДАИШ пен әл-Қаидаға тәуелді көптеген топтардың құрылуына себеп болды.

Осындай масқарашылықтарға қарамастан Америка басшылары өздерін әлі лаңкестікпен күресуші атап, Иранды лаңкестіктің қолдаушысы деп айыптайды. Бұл – екіжүзділіктің айқын мысалы. Америка екіұштылық пен екіжүзділігін жалғастыра беретін болса бұдан бетер масқара болады.