Туристер АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қарсылық білдірді
Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Мунесан әлем туристері мен туризм индустриясындағы белсенділердің АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қарсылық білдіргенін мәлімдеді.
Әли Асқар Мунесан Иранның батысындағы Хамадан қаласында әлемнің түкпір‑түкпірінен келген туризм индустриясы белсенділерінің бас қосқанына тоқталып: «Мәдени мұра мен туризм саласындағы халықаралық оқиғалардың алуандығы мен өткен екі жылда туризм саласында оң өзгерістердің артуы санкцияларға қарамастан Иранда бұл индустрияның дамып келе жатқанын көрсетеді»,‑деді.
Иранның батысындағы Хамадан қаласы 12-15 қарашада Азиядағы 34 елдің Туризм министрлері мен Дүниежүзілік туризм ұйымының 500‑ден астам мүшесін қабылдайды.
Хамадан облысы, сондай‑ақ, 2018 жылы Азияның туристік астанасы болып таңдалды.