Егер джиһад пен шаһадат рухы таралса, Шығыс пен Батысқа бетбұрыс жойылады
(last modified Sun, 11 Nov 2018 10:09:34 GMT )
Қар 11, 2018 16:09 Asia/Almaty

Ислам революциясы жетекшісінің 2018 жылдың 5 қарашасында Қазвин облысының шәһидтері конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде жасаған баяндамасы бүгін, жексенбі күні таңертең Қазвиндегі осы форумның хатшылығында жарияланды. ,

Хазірет аятолла Хаменеи Қазвиннің географиялық, тарихи және мәдени жағдайына тоқталып: «Қазвиннің ақсақалдары, үлемдері мен шәһидтерінің Ислам революциясы мен Қасиетті қорғаныс кезеңдеріндегі сынақтағы амал-әрекеттерінің тарихы мақтаныш тудырады»,-деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи шәһидтерді елдегі рухани өмірдің қозғаушы күші және арман-мақсаттарға қарай қозғалысты сақтаудың негізі деп атап: «Шәһид көзі тірісінде жан-тәнімен исламға қызмет етеді. Шәһид болғаннан кейін рухани кеңістік тудыру арқылы да ислам қоғамына қызмет етеді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі шәһидтердің үнін Алла Тағаладан әсер алған үн деп атап: «Шәһидтерді ұлықтау олардың халықты оятып, қырағылықтарын арттыратын үнін баршаның құлағына жеткізіп, жүректерді тебірентеді. Сол себепті, егер джиһад пен шаһадат рухы таралса, жастар Шығыс пен Батысқа, күпірлік пен атеизмге бет бұрмайды»,-деді.