Ирандық туристік компанияға халықаралық деңгейдегі алғашқы сертификат беріледі
Халықаралық туризм ұйымының (UNWTO) бас хатшысы ұйымның тарихында алғаш рет Иранның батысындағы Alisadr туристік компаниясына халықаралық деңгейдегі сертификат берілетінін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Дүниежүзілік туризм ұйымының бас хатшысы Зураб Пололикашвили жексенбі күні кешке Хамадан облысындағы Alisadr туристік компаниясының бас директоры Хамидреза Йаримен кездесуінде сертификаттың Alisadr компаниясы басшыларының Ирандағы туризмді дамытуда жасаған талпынысы үшін берілетінін айтып: "Дүниежізілік туризм жөніндегі саммитті өткізудегі мақсатымыз – ұйым мүшелерінің жаңа идеялары мен тәжірибелерін пайдаланып, осы тәжірибелермен басқа елдермен бөлісу",- деді.
Alisadr компаниясының бас директоры Хамидреза Йари бұл кездесуде әлемдегі ең ірі сулы үңгір Али Садр үңгірін көруге жылына 1 миллионға жуық турист келетінін айтты.
40-шы Дүниежүзілік туризм саммиті әлемнің 30 елінен келген UNWTO ұйымының 80 мүшесінің қатысуымен 12-14 қараша күндері Иранның батысында орналасқан Хамадан қаласында өтеді.