Иран мен Бразилия экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтеді
(last modified Mon, 12 Nov 2018 16:28:26 GMT )
Қар 12, 2018 22:28 Asia/Almaty
  • Иран мен Бразилия экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтеді

Иранның Қаржы және экономика министрі мен Бразилия Сенат палатасының ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иранның Қаржы және экономика министрі Фархад Дежпасанд дүйсенбі күні Теһранда Бразилия Сенат палатасының ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Фернандо Солормен кездесіп, екі елдің жақсы тарихи байланысына тоқталып, Бразилия делегациясының Иран сапарын екіжақты сауда айналымының артуына себеп болады деп атады.

Дежпасанд Иран мен Бразилияның сыртқы саудасын дамытуды екі жақ үшін де тиімді  шара деп бағалап: «Екі ел өздерінің сауда айналымдарын тасымал, көлік пен ұшақ жасау және қоршаған орта салаларында арттыра алады»,-деді.

Иранның Қаржы және экономика министрі, сондай-ақ, Бразилияның Иранға 1 млрд 200 млн еуро көлемінде несие беретінін айтты.

Фернандо Солор Иран мен Бразилия арасында ортақ экономикалық комиссия құру қажеттігін, комиссияның екі елдің жеке компанияларының байланыстарын дамытып, кеңейте алатынын айтты.