Зариф: АҚШ-тың санкциялары – Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы санцияларының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу деп атады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттерде АҚШ-тың қайта салған барлық санкцияларының Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу екеніне тоқталып: «Бұл шешім – қарапайым халықты аш ұстау әрі адамзатқа қарсы қылмыс.
Халықаралық сот АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның халыққа қажет тауарларға санкция салынбайтыны туралы сөзін теріске шығарды. Батыс ақпарат құралдары мен құжаттары кімнің өтірік айтып отырғанын көрсетті»,- деді. Зариф өз твитінде Гаага сотына жіберілген Батыс ақпарат құралдарының кейбір мәлімдемелері мен құжаттардың суреттерін жариялады.
Бұдан бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өз твитінде The News Week ақпарат арнасы мен оның ВВС-ге берген сұхбатын Зарифтың бұрмалағаны туралы уәж айтқан болатын.
Зариф біраздан кейін Твиттерде Помпеоға жауап қайтарып, АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған оның сөзінің мәтінінің суретін қосып көрсетті.