Иран мен Малайзия университеттері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Қар 15, 2018 09:53 Asia/Almaty
Мұнай, газ және мұнай-химия екінші халықаралық конференциясы аясында Бушерде Иранның Парсы шығанағы және Малайзияның UTM университеттері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Малайзияның UTM университетінің зерттеу және технология жөніндегі проректоры Ахмад Фаоузи Иранның Парсы шығанағы университетінде Мұнай, газ және мұнай-химия конференциясының өткізілуін бұл жоғары оқу орнының энергетика және аймақтағы қоршаған орта мәселесіне қатысты ғылыми мүмкіндігінің көрсеткіші деп атады.
Конференцияға Қатар, Оман, Кувейт, Ирак, Австрия, Норвегия, Канада, АҚШ, Британия, Марокко, Малайзия және Үндістанның ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.
Тегтер