Рухани: Санкциялар Иран мұнайының саудасына әсер етпейді
ИИР Президенті АҚШ-тың қате, әділестіз санкцияларының Иран мұнайын сатуға әсер етпейтінін айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Министрлер кабинетінің сәрсенбі күнгі жиналысында жасаған баяндамасында: "Америкалықтар Иран мұнайының экспортын толығымен тоқтатамыз деп ойлағанымен өздері соңғы күндері бұл істің жүзеге асуы мүмкін еместігін түсінді",-деді.
Иран Президенті АҚШ-тың ішкі мәселелері мен мұнай бағасына байланысты Иран мұнайының экспортын тоқтату мүмкін еместігін айтып: "Иран үкіметі өз мұнайын сатудың көптеген жолдарына ие. Санкциялар оларға әсер етпейді. Қысымдар мен санкцияларға қарамастан ИИР әлеммен өзінің қаржы саласындағы қарым-қатынасын сақтап қалды",-деп қуаттады.