Рухани: Санкциялар Иран мұнайының саудасына әсер етпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i39912-Рухани_Санкциялар_Иран_мұнайының_саудасына_әсер_етпейді
ИИР Президенті АҚШ-тың қате, әділестіз санкцияларының Иран мұнайын сатуға әсер етпейтінін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 15, 2018 17:43 Asia/Almaty
  • Рухани: Санкциялар Иран мұнайының саудасына әсер етпейді

ИИР Президенті АҚШ-тың қате, әділестіз санкцияларының Иран мұнайын сатуға әсер етпейтінін айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Министрлер кабинетінің сәрсенбі күнгі жиналысында жасаған баяндамасында: "Америкалықтар Иран мұнайының экспортын толығымен тоқтатамыз деп ойлағанымен өздері соңғы күндері бұл істің жүзеге асуы мүмкін еместігін түсінді",-деді.

Иран Президенті АҚШ-тың ішкі мәселелері мен мұнай бағасына байланысты Иран мұнайының экспортын тоқтату мүмкін еместігін айтып: "Иран үкіметі өз мұнайын сатудың көптеген жолдарына ие. Санкциялар оларға әсер етпейді. Қысымдар мен санкцияларға қарамастан ИИР әлеммен өзінің қаржы саласындағы қарым-қатынасын сақтап қалды",-деп қуаттады.