«Ислам бірлігі» атты 32-ші халықаралық конференцияға 100 елдің өкілдері қатысады
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Теһранда өтетін «Ислам бірлігі» атты 32-ші халықаралық конференцияға 100 елдің өкілдері қатысатынын хабарлады.
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки сенбі күні өткен баспасөз отырысында: «Үстемшіл елдердің ислам мазхабтарының бірлігін бұзуға бағыттаған талпыныстарына қарамастан, Теһранда өтетін «Ислам бірлігі» атты 32-ші халықаралық конференцияға 100 елдің өкілдері қатысады.
Ислам бірлігі конференциясының қонақтары ислам елдері мен мұсылмандарды жақындастырып, біріктіру жолдарын талқылайды»,-деді.
«Ислам бірлігі» атты 32-ші халықаралық конференция қарашаның 24-26 күндері Теһранда өтеді.