Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ президенті Дональд Трамптың әлемде өз елінің бейнесін одан бетер жиіркенішті еткенін айтты.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ-та қазіргі кездегі ел президенті бейнесінің ешқашан бұдан жиіркенішті болмағанын айтып: "АҚШ үкіметі жаппай сыбайлас жемқорлық, қанқұйлы соғыс және сионистік режим мен Сауд Арабиясына қолдау көрсету арқылы әлемде ең сұмпайы бейнеге ие болды.
Әлем елдері АҚШ-тан бойларын аулақ салды. Бұл әлемде АҚШ-қа деген жиіркеніштің күн сайын артып бара жатқанын көрсетеді",- деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, Сауд әулеті режимінің Йемен халқы, сионистік режимнің Палестина халқы алдындағы қылмыстарына сілтеме жасап, Сауд әулеті мен сионистік режимдердің Батыс Азия аймағындағы қылмыстарының АҚШ-тың қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын айтты.