"Бірлік аптасы" басталды
Бүгін, сейсенбі хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1440-шы жылының раби ул-аууал айының 12-ші жұлдызы, сәйкесінше 2018-ші жылдың қараша айының 20 – рауаяттар бойынша Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның туған күні.
Ислам әлеміндегі бірліктің жаршысы болған Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни бұл күнді ислам мазхабтарын жақындастыру үшін пайдаланып, раби ул-аууал айының 12-17 күндерін "Бірлік аптасы" деп атады. Бұл апта ислам әлемінің, әсіресе бүлік пен тынышсыздықтарға толы қазіргі заманда бірліктің қажеттігін нақтырақ қарастыру үшін қолайлы мұрсат.
ИИР Телерадио бірлестігі Исламның ұлық пайғамбарының туған күнінің жылдығымен сәйкес келетін қасиетті «Бірлік аптасының» басталуына байланысты әлемнің барша мұсылмандарын құтықтайды.