Азар айының жетісі – Иран Теңіз күштерінің күні
(last modified Wed, 28 Nov 2018 10:34:00 GMT )
Қар 28, 2018 16:34 Asia/Almaty
  • Азар айының жетісі – Иран Теңіз күштерінің күні

Иран Теңіз күштері қасиетті қорғаныс жылдары үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Х.ш.ж.с.б азар айының жетінші жұлдызы, сәйкесінше қарашаның жиырма сегізі зымыран ұшыру қондырғысы бар "Пейкан" зымыран атқыш фрегатының экипажы "Марварид" операциясында ұмытылмайтын ерлік көрсетіп, Ирактың "Әл-Бакр" және "Әл-Әмия" мұнай терминалдарына шабуыл жасап, оның үштен екі бөлігін жарып, Иранның туын терминалдың ең биік жеріне тікті.

Иранның Теңіз күштері бүгінде көптеген жетістікке жетіп, қауіпсіздікті қорғау саласында маңызды рөл атқарып жатыр. Макран, Оман теңізі мен азат сулар сияқты маңызды аймақтарды Теңіз күштері қорғауда. Бір ғасырға жуық тәжірибе бөтен елдердің Парсы шығанағы аймағындағы қауіпсіздікті сылтауратып, аймақтағы дағдарыстың себебі болып отырғанын көрсетті. Сондықтан аймақтың қауіпсіздігі аймақтың ішкі қорғаныс күш-қуатын қажет етеді. Әскери мамандардың пікірі бойынша, Иран Теңіз күштері Иран сулары мен азат теңіздердің қауіпсіздігін қорғау күш-қуатына ие.

Иран өз аймағында кең ауқымды қоқан-лоққылармен бетпе-бет келуде. ИИР-ның Теңіз күштері бетпе-бет келген қоқан-лоққыларға сәйкес стратегиялық күшін арттырды. Иранның Теңіз күштері өткен 10 жылда Үнді мұхиты аймағында 57 флотын    Баб әл-Мандеб бұғазы мен Суэц каналына, Жерорта теңізі мен Пәкістанға, Үндістан мен Шри-Ланка, Индонезия жағалауларына, сондай-ақ, Оңтүстік Африка бағыттарына аттандырды.

Әскери мәселелердің маманы Хосейн Делиран: "Армия Теңіз күштерінің Аден шығанағындағы теңіз қарақшыларына қарсы әрекеттері ирандық теңіз күштерінің, фрегаттар мен эсминецтерінің қоқан-лоққыларға қарсы тұруға дайын екенін көрсетеді. ИИР бүгін әлем деңгейінде әскери кеме жасйтын елдердің қатарына кіреді. Сондай-ақ, Батыс Азия аймағында әскери кеме шығаратын үш елдің бірі. Бұл Иранның араласқыш әрі басқыншы елдердің қоқан-лоққыларына қарсы тұра алатын әлеуетін білдіреді. Иранның Теңіз күштері санкцияларға қарамастан қорғаныс технологиясы саласына қажет жабдықтары мен кемелерін жеткілікті мөлшерде шығарады.

ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзади: "Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өтті. Теңіз күштері санкцияларға қарамастан үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде ирандық эсминец пен сүңгуір қайықтың жасалғанын атауға болады",- деді.