Иран Теңіз күштері "Саһанд" эсминецімен толықтырылды
Теңіз күштерінің "Саһанд" атты ең дамыған эсминеці Иран Ислам Республикасы Теңіз күштерінің флотына қосылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Әскері Теңіз күштерінің инженерлері тарапынан құрастырылып жасалған "Саһанд" эсминеці теңіз бетіндегі, теңіз түбіндегі және әуедегі қару-жарақтарды тасымалдау, тұтқиылдан шабуылдау мүмкіндігі мен дұшпанның радарларын жаңылыстыратын қабілеттерге ие.
"Саһанд" эсминецінің салмағы 1300 тонна, ұзындығы 96 метрді құрайды. Бұл эсминецтің жылдамдығы 25 kn-нен асады. "Саһанд" эсминеці 150 күнге дейін қолдау көрсетуші кемелермен бірге алыстағы мұхиттар мен толқынды суларда жүзуге шамасы келеді.
Радардан айналып өту, теңіз түбіндегі қорғаныс жүйесі, құрлық-құрлық, құрлық- әуе зымырандық жүйесі, нүктелі қорғаныс жүйесі мен әуе, жерүсті нысандарын жоюға арналған зеңбіректердің болуы бұл эсминецтің ерекшеліктерінің қатарын құрайды.