Теһранда тоқыма өнеркәсібі мен киім көрмелері ашылды
Бүгін Теһранда 24-ші Халықаралық тоқыма өнеркәсібі мен Иран киімдерінің 6-шы халықаралық көрмесі ашылды.
Батыс Азия аймағындағы ең ірі тоқыма өнеркәсібінің көрмесі саналатын Иран тоқыма өнеркәсібінің 24-ші халықаралық көрмесіне 141 ирандық, 80 шетелдік компания қатысып отыр. Шетелдік компаниялардың ішінде Италия, Швейцария, Румыния, Бельгия, Тайвань, Франция, Түркия, Германия, Қытай және Австрия компаниялары бар.
Сондай-ақ, Иран киімі 6-шы Халықаралық көрмесіне 60 ирандық компания мен өндіріс бірліктері қатысып, ирандық-исламдық мәдениетке сай жаңа жобаларын ұсынуда. Көрмеден сонымен қатар киім тігетін жабдықтар мен ең жаңа модельдерді көруге болады.
Мәліметтер бойынша, 2017-ші жылы Иранның тоқыма тауарлары мен киімі экспортының құны бір миллиард доллардан асқан.