Зариф: АҚШ әл-Каида мен ДАИШ-ты қаруландырып жатыр
Иран СІМ лаңкестік-тәкфирлік топтарға америкалық қару-жарақтардың жіберіліп жатқанына сілтеме жасап, Вашингтонның аймақта тынышсыздықтың жалғасуын көздеп отырғанын айтты.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Дажвад Зариф жексенбі күні батыс елдері қару-жарақтарының Йемендегі лаңкестік топтарға жіберіліп жатқаны туралы жарияланған хабарға тоқталып: "Вашингтон өзінің зұлым саясаттарын ақтау үшін аймақтағы тынышсыздықтың жалғасуын көздеп отыр",- деді.
Зариф Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында The Guardian басылымының мақаласын жариялап: "Қару-жарақ, барлау және логистикалық тұрғыдан қолдау арқылы Сауд Арабиясы мен БАӘ соғыс қылмыстарында сыбайлас болу жеткіліксіз секілді. Сондықтан АҚШ әл-Каида мен ДАИШ секілді әсірешілдердің қолына дамыған қару-жарақ ұсынып отыр",- деп жазды.
"Журналистік тергеуді мақсат еткен араб тілшілері" атты топ The Guardian газетіндегі мақаласында: "Саудиялық коалиция соңғы тұтынушы туралы заңды бұзу арқылы батыс елдерінің қару-жарақтарын Йемендегі сепаратистік және лаңкестік топтарға жеткізіп отыр",- деп жазды.