Зариф Помпеоның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы уәжіне жауап қайтарды
Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын оқып, біршама танысып шығуға кеңес берді.
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Иран Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының жексенбі күні өткен отырысының соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның зымырандық бағдараламасына қатысты айтқан бос сөздеріне жауап ретінде: ""Ортақ қадам" бағдарламасын түсінбеген Помпеодан басқа нәрсені күтуге болмайды. "Ортақ қадам" бағдарламасымен таныс адамдар бұл бағдарлама бойынша зымырандарды сынақтан өткізуге тыйым салынбағанын жақсы біледі. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің № 2231 қарарында Ираннан тек ядролық оқтұмысқтарды тасымалдауға арналған зымырандарды пайдаланбау сұралған",- деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-ның көптеген оқтұмсықты тасымалдай алатын орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды жуырда сынақтан өткізгенін айтты.
Иран СІМ АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатысты екіжүзділік танытып отырғанына тоқталып: "Бүгінде ойдан шығару АҚШ Мемлекеттік департаментінде қалыпты жағдайда айналған",- деп мәлімдеді.
Иранның зымырандық қуатының ядролық қару-жарақпен байланысы жоқ, алайда АҚШ басшылары Ираннан үркіту аясында оны бұрмап көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Иран жасап шығаратын зымырандар ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға арналмаған. ИИР өзі мен аймақ қауіпсіздігіне қарсы төнген қауіп-қатерлер мен факторларды жою мақсатында зымырандық қуатты пайдаланады. Соңғы айларда лаңкестердің әскери базаларына жасаған шабуылдар кезйінде Иран өзінің зымырандық қуатының толығымен "нүктелі соққыларға" негізделгенін көрсетті.
Зариф осы мәселеге қатысты "нүктелі соққыларға" негізделген зымырандарды жасап шығару үшін ядролық емес қарапайым оқтұмсықтардың қажет екендігіне тоқталып: "Иран бұл зымырандар үшін ядролық емес оқтұмсықтарды пайдаланған. Ал жаппай қырып-жоятын қарулар "нүктелі соққы" функциясын қажет етпейді. Сондықтан Помпеоның бұл сөздері оның басқа уәждері секілді қате",- деді.
Бұл сөздер АҚШ-тың соғыс отын өршіту арқылы қазірге дейін адамзат баласына қарсы көптеген қылмыс жасап, әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ең маңызды бұзушыларының бірі болған жағдайда айтылып отыр.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) пайғамбарлық қызметі басталған "Мабас" күніне орай жүйе басшылары мен мұсылман елдерінің елшілерімен кездесуінде: "Аймақ пен ислам дұшпандарының саясаты – мұсылман елдерін бір-бірінен қорқыту. Дұшпан үстемшілдік пен оған тәуелділер және сионизм саналатын негізгі дұшпанды сыртта, беймәлім етіп ұстау үшін қиялдап отыр",- деп мәлімдеді.
Помпеоның негізсіз уәжін де дәл осы аяда бағалаған жөн. Бар назарды Иранның зымырандық қуатын қауіп ретінде көрсетуге шоғырландыру – екі мақсатты көздейтін саясат: бұл уәж, бір жағынан, Иранның зымырандық қорғаныстық әлеуетін қауіп төндіруші деп бағалауға бағытталса, басқа жағынан, Иранның тежегіш қуатын әлсіретуге бағытталған Иранға қысым көрсетудің жолы саналады.