Мұнай саудасы – Еуропа мен Иранның қаржы каналының негізі
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф мұнай саудасын Еуропа мен Иранның қаржы каналының негізі деп атады.
Зариф «Рейтерстің» Иран мен Еуропаның қаржы айналымынан мұнай саудасы механизмі алынады деген уәждеріне көрсеткен реакцияда ИИР экспортының қомақты бөлімін мұнай құрайтындығына тоқталып: «Кейбір негізсіз сөздер халықты үмітсіздендіру үшін айтылады деген ой туады. Еуропалықтардың пікірі бойынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру олардың қауіпсіздігі үшін қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаржы жұмсау керек»,- деді.
Зариф сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранның зымырандық сынағы туралы твитіне реакция білдіріп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның зымырандық сынағына тыйым салынбағанын қуаттап: «2231-ші қарарда ядролық оқтұмсық тасымалдайтын зымырандар туралы айтылғанымен, оларға тыйым салынған жоқ. Осындай жағдайда Иранға зымырандардың бұл түрін пайдаланбау туралы талап қойылып отыр»,- деді.