Иран АҚШ пен Еуропаның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы Қауіпсіздік кеңесіндегі отырысына реакция білдірді
(last modified Wed, 05 Dec 2018 14:22:53 GMT )
Жел 05, 2018 20:22 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ пен Еуропаның Иранның зымырандық бағдарламасы туралы Қауіпсіздік кеңесіндегі отырысына реакция білдірді

АҚШ Иранның зымырандық сынағын сылтауратып, қысым жасаудың жаңа кезеңін бастады. Кейбір еуропалық мемлекеттер де АҚШ-тың жобасына қосылып, өз уәждерін айтты.

Иран АҚШ пен Еуропаның Қауіпсіздік кеңесінің Иранның зымырандық бағдарламасы туралы отырысына реакция білдірді. АҚШ Иранның зымырандық сынағын сылтауратып, қысымдарының жаңа кезеңін бастады. Кейбір еуропалық мемлекеттерде  АҚШ-тың бұл жобасына қосылып, өз уәждерін айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф кейбір Батыс мемлекеттері басшыларының Иранның зымырандық бағдарламасы туралы Қауіпсіздік кеңесінің  отырысын өткізу туралы сөздеріне реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін өз мүддесі үшін пайдалануы бұл елдің өз  міндеттемелеріне табанды еместігін жасыра алмайды»,- деп жазды.

Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына еш қайшылығы жоқ.

АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хук ағымдағы жылдың қыркүйек айының жиырмасында «Иранның ядролық келісімін ресми растаған және №1920-шы қарарының күшін жойған Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарары Ираннан ядролық оқтұмсық тасымалдайтын баллистикалық зымырандарға қатысты ешбір әрекет жасамауды   талап етті»  деп уәж айтқан  жағдайда АҚШ-тың үкімет басшылары Иранның зымырандық сынақтары №2231-ші қарарды бұзды деген уәж айтып отыр.  

Иранның зымырандық қорғаныс туралы айқын саясатында ядролық оқтұмсықтарды пайдалана алатын зымырандарға ие болуды көздейтін жобалар мен бағдарламалар қарастырылмаған.

АҚШ пен Еуропа Иранның зымырандық қорғанысы мен қауіпсіздік параметрлеріне реакция білдіргенімен аймақ қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер тудырып отырған  қоқан-лоққыларға назар аудармайды. Егер Иран аймақта бейберекеттік тудыруды көздеген болса, осы кезде тек аймақ қана емес, еуропалық елдердің, тіпті АҚШ-тың қалалары Сауд Арабиясы мен Америка және Израильдің қолдаулары, Франция сияқты кейбір еуропалық мемлекеттердің қателіктерінен және аймақ пен әлемде тынышсыздық орнату мақсатында құрылған  ДАИШ секілді лаңкестік топтардың лагерлеріне айналатын еді.  Иранның қоқан-лоққыларына қарсы тұруды сылтауратып, АҚШ Еуропада зымырандық қалқан орнатып: "Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімге қарамастан НАТО-ның зымырандық қалқаны Еуропада қалады. Келісімнің оғын қатысы жоқ",- деп жариялаған болатын.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін АҚШ Иранға қарсы екі стратегиялық мақсатты көздеп отыр: бірінші мақсаты – санкцияларын Иранның экономикасына әсер етіп жатыр деп көрсету. АҚШ өз сенімділігін сақтап қалу үшін Еуропаның қолдауын қажет етеді. Алайда Еуропа қолдаған жағдайда да, АҚШ өз мақсатына жете алмайды.

ИИР Президенті Хасан Рухани Семнан облысының Шахруд қаласы халқының алдында сөйлеген сөзінде: "Иран халқы еш уақытта дұшпанға бағынған емес, келешекте де бағынбайды. Иранның ұлы халқы АҚШ-қа қарсы шайқастың жеңімпазы болатынын дәлелдеді",- деді.

АҚШ-тың екінші мақсаты – Иранның қорғаныстық әлеуетін әлсірету. Бірақ, Иранның әскери саласына біржақты әрі кемсіту қатынасы араласу және халықаралық құқықтарды әшкере бұзудан басқа нәтижеге жетпейді.