Иран мен Ресей екіжақты экономикалық қарым-қатынастарын арттырады
Иранның Энергетика министрі мен Ресей Думасының төрағасы екіжақты экономикалық қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін арттырады.
Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканиан сенбі күні Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Қытай мен Ресейдің Парламент төрағаларының екінші конференциясына қатысу үшін Теһранға келген Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуде Иран мен Ресей арасындаңы өте жақсы саяси қарым-қатынасты назарға ала отырып, экономикалық байланыстардың екі елдің саяси қатынасымен тең түрде дамуы керектігін айтты.
Ардаканиан, сондай-ақ, банк саласында әріптестікті арттыру, Иран мен Ресейдің ұлттық валюталарын екіжақты саудада пайдалану, екі ел арасында топтық туризм саласында визаны алып тастау келісімін орындау қажеттігін қуаттады.
Вячеслав Володин де осы кездесуде Теһранның Иран мен Ресей арасында ортақ сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жиналыстарын өткізудегі тәжірибесін басқа елдерге үлгі боларлық деп атап, Ресей Думасының энергетика комитетінің де екі елдің ортақ сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының мүшесіне айналуы туралы ұсыныс жасады.