Иран – баспалдақпен көтерілу бойынша халықаралық жарыстың жеңімпазы
Ирандық спортшылар баспалдақпен көтерілу бойынша халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.
Баспалдақпен көтерілу бойынша халықаралық жарыстың әйелдер бөлімінде Ираннан Самане Есфандияри, Германиядан Ева Изабель, Ауғанстаннан Париса Ибрахими бірінші, екінші және үшінші орын алды.
Баспалдақпен көтерілу жарысының ерлер бөлімінде Ираннан Иман Кушки мен Хамед Иранхаһ сәйкесінше бірінші және екінші орынды иеленсе, Ауғанстаннан Аббас Мусави үшінші орын алды.
Баспалдақпен көтерілу жарысы Никаракуа, Шри-Ланка, Филиппин, Кипр мен Бангладештің елшілері және Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Франция, Болгария, Сирия, Уругвай, Ауғанстан, Индонезия, Германия және Иран спортшыларының қатысуымен жұма күні Теһранда өтті.