Велаяти: АҚШ-тың қаскүнемдік саясаты бұрынғыдан бетер айқындала түсті
(last modified Mon, 10 Dec 2018 09:52:55 GMT )
Жел 10, 2018 15:52 Asia/Almaty
  • Велаяти: АҚШ-тың қаскүнемдік саясаты бұрынғыдан бетер айқындала түсті

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти АҚШ президентінің елінің қаскүнемдік саясаты туралы шындықты бұрынғыдан бетер айқындай түскенін айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, «Исламдық ояну» атты дүниежүзілік қауымдастықтың бас хатшысы Әли Акбар Велаяти дүйсенбі күні Теһранда Аһле бейтті (ғ.с) сүюшілердің дүниежүізілік конгресі Орталық кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: "АҚШ президенті Дональд Трамп әрекеттерінің жиынтығы АҚШ-ты басқарып отырған жүйенің қойылымдық сценарийін көрсетті.

Уақыт соңғы 40 жылдың ішінде АҚШ-тың өз саясаттарын басқаларға таңа алмағанын және бұдан былай да осылай болатынын көрсеті.

Палестинаның мазлұм халқы ислам үмбетін қорғау туын мазлұмдықпен өз мойнымен көтеріп келеді. Болашақта да оны желбіреген күйде көтереді",- деді.