Соғыс пен бақытсыздық – бөгделердің аймақтағы құзырының салдары
(last modified Mon, 10 Dec 2018 10:19:36 GMT )
Жел 10, 2018 16:19 Asia/Almaty
  • Соғыс пен бақытсыздық – бөгделердің аймақтағы құзырының салдары

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф билікқұмар басшылардың аймақ үшін тек соғыс пен бақытсыздық әкелгенін, қазіргі кезде билікқұмар басшылардың емес, қуатты аймақтың қажет екендігін баса айтты.

Зариф жексенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында ИИР президенті Хасан Руханидің елдер арасында диалог өткізу қажеттігі қуатталған алты ел парламенті төрағаларының отырысында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап: "Қазіргі аймақ сұхбаттасу, халықаралық заңдарды құрметтеу, басқаны қабылдау, қауіпсіздік желісін құру, экономикалық ынтымақтастық және халықтың халықпен көбірек байланыс орнатуын қажет етеді",- деді.

Теһранда сенбі күні алты азиялық мемлекет Парламенті төрағаларының лаңкестіктің алдын алу және күресу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық конференциясы өтті. Бұл конференцияда талқыланған маңызды мәселелердің аймақтық қауіпсіздікті нығайту, лаңкестік және әсірешілдікпен күрес мақсатындағы ынтымақтастықтарды арттыруда маңызды рөл атқаратыны анық.

Бұл отырыс басқа көзқарас тұрғысынан сионистік топтардың да назарын аударды.

Сионистік The Jerusalem Post газеті жексенбі күні кешке жариялаған мақаласында АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен қысымдары күшіне енген жағдайда бұл отырысытың сәтті өтуін аймақтық байланыстардың күшейгенінің нышаны деп атап: "Иран маңызды халықаралық отырыс өткізіп, АҚШ пен одақтастарының жалғыз қалған бейнесін сипаттау арқылы өзінің аймақ пен одан тыс жерлердегі ықпалын арттыруды жалғастыруда",- деп жазды.

Сионистік басылымның көзқарасына сәйкес, Ресей, Иран, ҚХР, Түркия мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастардың дамуы АҚШ-тың Таяу Шығыс пен әлемдегі саясаты үшін жақсы емес: «Бұл елдер әлемдегі маңызды экономика мен әскерге ие болуымен қатар, АҚШ үшін аймақтағы әртүрлі қиындықтардың қатарын құрайды. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясаты Сауд Арабиясымен қарым-қатынасы мен Сириядағы әрекеті секілді әлсіреген".

Аймақ елдерінің қатысуымен тұрақты қауіпсіздік орнату жөніндегі өзара түсіністік аймақ мемлекеттері үшін айтарлықтай маңызды оқиға саналатыны күмәнсіз.

Осылайша Теһран отырысын өткізу The Jerusalem Post газетінің жазуы бойынша АҚШ, Израль және Сауд Арабиясы үшін жағымды оқиға болмаған. Әсіресе, АҚШ-тың осы жылдары аймақтағы, атап айтқанда Ауғанстан, Ирак пен Парсы шығанағындағы әскери құзыры тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға әсер етпеуімен қоса, керісінше, аймақта тынышсыздық пен дағдарыстың туындауына себеп болған.

АҚШ көп жылдан бері өзін әлемдегі азаттықтың алтын бесігі, адам құқықтарының негізгі қолдаушысы және демократияны қорғаушы ретінде атап келеді. Алайда American Herald Tribune басылымындағы Роберт Фантино мақаласында: "Бұл ертегі АҚШ шекараларынан тыс жерлерде мүлдем жоқ. Ал АҚШ-тың ішінде оған қатысты сенімсіздік күн сайын артуда",- деді.

Атақты америкалық теоретиг Ноам Чамски бір сұхбатында бүкіл әлем АҚШ-ты қауіп санаған жағдайда АҚШ Иранды бейбітшілікке төнген ең үлкен қауіп деп есептейтінін айтты.

АҚШ-тың тарихы әлемнің түкпір-түкпірінде тікелей немесе таңылған түрде болсын соғыс тудыру мен қантөгіске толы. Осындай жағдайда аймақ ынтымақтастық пен аймақтық қабілеттерге иек артуды қажет етеді.

 

 

Тегтер