Бандар-Аббаста суды тұщыландыру бойынша ең ірі жүйе пайдалануға берілді
Хормозган облысының Бандар-Аббас қаласында сыйымдылығы тәулігіне 20 000 текше метр суды құрайтын суды тұщыландыру бойынша Ирандағы ең ірі жүйенің бірінші кезеңі Иран вице-министрінің қатысуымен пайдалануға берілді.
Хормозган облысының сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін басқару мекемесінің бас директоры Амин Ғасами сейсенбі күні Ирандағы суды тұщыландырудың ең ірі жүйесінің бірінші кезеңін пайдалануға беру рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Бандар- Аббаста 100 000 текше метр суды тұщыландыру жүйесінің бірінші кезеңінің іске қосылуымен облыс орталығының батыс бөлігі мен Бандар- Хамир ауданында 200 000 адам сапалы тұщы ауыз суды пайдалана алады",-деді.
Хормозган облысының сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін бақылау мекемесінің бас директоры суды тұщыландыру жүйесінің басқа фазаларының инфрақұрылымдық қондырғыларының дайын екенін, келесі жылдың соңына дейін 100 000 текше метр суды тұщыландыру жүйесінің қалған кезеңдерінің іске қосылатынын мәлімдеді.