Рухани: АҚШ-тың аймаққа өз саясатын таңатын дәуірі аяқталды
ИИР Президенті: «АҚШ-тың аймақта өз саясатын таңатын дәуірі аяқталды. АҚШ-тың мыңдаған километр жерден аймақ халықтарына өз нұсқасын таңуға күші жоқ»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһраннан Анкараға аттанар алдында журналистерге берген сұхбатында Түркия үкіметінің АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қатысты ұстанымдарының қатаң әрі әсерлі болғанын мәлімдеді. Иран мен Түркияның бесінші стратегиялық жоғары кеңесіне қатысу үшін жоғары лауазымды делегацияны бастап, Анкараға сапармен бара жатқан Рухани: «Бұл сапарда аймақ пен әлемнің сондай-ақ, экономикалық, банктік, сауда, энергетика және мұнай мен газ салаларындағы екіжақты тақырыптар талқыланады. Сонымен қатар Иран мен Түркияның бизнесмендері екі ел Президенттерінің қатысуымен ортақ отырыс өткізеді»,- деді. Иран Президенті лаңкестікпен күрес пен аймақтың қауіпсіздігін Иран мен Түркия ынтымақтастықтарының басты мәселелерінің бірі деп атап, қоршаған орта мәселелерін сапардың келесі тақырыбы екенін айтты.