Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері америкалық әскерилердің Сирия жерінен шығарылуын АҚШ-тың Сириядан жеңіліс тапқанының белгісі деп атап, Вашингтон мен одақтастарының басқа майдандарда, соның ішінде Йеменде де жеңіліске ұшырайтынын баса айтты.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ, сионистік режим мен Сауд әулеті режимінің әлемде жемқорлықты арттыруды көздеп отырғанын айтып: "АҚШ пен оның одақтастары әлемді өз уысында ұстау үшін сыбайлас жемқорлықты тудырып отыр.
АҚШ пен оның одақтастары тәуелсіз мемлекеттердің, соның ішінде ИИР-ның олардың Палестина, Бахрейн, Йемен, Ирак пен Ауғанстандағы озбыр әрекеттеріне көзжұмбайлық танытқанын қалайды. Бірақ, ешқашан ондай болмайды.
Илаһи күштің арқасында АҚШ пен оның одақтастарының масқаралары шығып, көздері жойылады",- деді.