Иранның зымырандары ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алмайды
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "ИИР ядролық қару жасауды мақсат тұтпайды. Иранның зымырандары ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алмайды",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Францияның "Le Point" апталық газетінде сенбі күні жарияланған сұхбатында БҰҰ-ның №2231 қарарының Ираннан ядролық оқтұмсық тасымалдайтын зымырандар жасамауды талап етіп отырғанын, алайда Иранның әскери мақсатты көздейтін ядролық бағдарламаға ие емес екенін айтты.
Зариф батыстықтардың Иранның ядролық бағдарламасы туралы уәждерін теріске шығарып: "Таяу Шығыс аймағында Иран ең аз әскери бюжетке ие",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Францияның жыл сайын миллиардтаған доллар тұратын қару-жарақты БАӘ мен Сауд Арабиясына сататынын айтып: "Франция БАӘ немесе Сауд Арабиясына беретін дамыған ұшақтарын Иранға өз-өзін қорғауы үшін сатуға дайын ба?"-деп сұрады.